Психологиялық қолдау

Жаңартылды: 27 August 2026 Қайта тексеру: 1 August 2027
Қысқаша. В университете работает психологическая служба. Консультации бесплатные для студентов. Запись — [способ], кабинет […], [часы].

Психологиялық қолдау: Сіз жалғыз емессіз

Күрделі өмірлік жағдайлар адамның эмоционалдық жағдайына, көңіл-күйіне және күнделікті мәселелермен күресу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Мұндай сәттерде өз уайымдарыңызбен жалғыз қалмай, қажет болған жағдайда қолдау сұрау маңызды.

Психологиялық қолдау — адамға қиын жағдайларда туындайтын эмоционалдық шиеленіс, алаңдаушылық, күйзеліс және басқа да психологиялық реакцияларды жеңуге көмектесуге бағытталған қолдау түрі.

Психологиялық қолдаудың мақсаттары:

  • Эмоционалдық шиеленіс пен алаңдаушылықты азайту;
  • Өзін тыныш әрі қауіпсіз сезінуге көмектесу;
  • Өз сезімдері мен уайымдарын жақсырақ түсіну;
  • Күрделі жағдайды жеңудің тиімді жолдарын табу;
  • Ішкі ресурстар мен өзіне деген сенімді қалпына келтіру;
  • Қажетті көмек пен қолдауды дер кезінде алу.

Қандай жағдайда қолдауға жүгінген абзал?

  • Қатты күйзеліс немесе алаңдаушылық сезінсеңіз;
  • Эмоционалдық шаршауды бастан өткерсеңіз;
  • Оқу немесе жұмыс барысында қиындықтарға тап болсаңыз;
  • Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар туындаса;
  • Жаңа ортаға бейімделу қиын болса;
  • Өз сезімдеріңіз бен уайымдарыңызды өз бетіңізше түсіне алмасаңыз.

Қасыңыздағы адамға қолдау көрсетудің қарапайым тәсілдері:

  • Жанында болыңыз: Адамға өзінің жалғыз емес екенін және сіздің қолдауыңызға сене алатынын білдіріңіз.
  • Тыңдай біліңіз: Сезімдері мен уайымдарын бөлмей, сынамай және бағаламай еркін айтуға мүмкіндік беріңіз.
  • Түсіністік танытыңыз: «Уайымдама» деп сөздің мәнін жоймай, «Саған қазір қиын екенін түсінемін» деп колдау көрсетіңіз.
  • Асығыс кеңес бермеңіз: Кейде адамға ең алдымен оны тыңдайтын адамның болғаны жеткілікті.
  • Кәсіби көмекті ұсыныңыз: Жағдай тым күрделі болса, психологқа жүгінген дұрыс.

Есте сақтаңыз: Көмек сұрау — қалыпты жағдай. Психологқа жүгіну әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, өз өміріңізге жауапкершілікпен қараудың қадамы.


М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің психолог маманы:

Дәуренова Зейнеп Әбдімәжитқызы — Әлеуметтік жұмыс басқармасының психолог маманы.

  • Байланыс телефоны: +7 747 571 05 95
  • Жұмыс мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі 68, 4.2 ғимараты, 111-кабинет
  • Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – Жұма, сағат 09:00 – 18:00