Медициналық пункт
«М.Х. Дулати» атындағы Университет студенттері университетпен келісімшартқа отырған «Студент» емханасына тіркеледі.
«Студент» емханасында медициналық қызметтер мен емшаралар студенттерге тегін көрсетіледі. Емхана жылына бір рет студенттерді міндетті флюорографиялық тексеруден тегін өткізеді.
Университет корпустарында медициналық пункт сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Университетке түскен сәттен бастап студенттер медициналық сақтандыру көмегін және сақтандыру бойынша барлық қажетті ақпаратты алады.
Медициналық анықтамалар
Егер студент ауырып, сабақтан қалса, ол университет корпусындағы медицина қызметкеріне немесе «Студент» емханасының дәрігеріне қаралуы қажет. Дәрігер анықтама ашып, студентті бақылауға алады.
Студент сондай-ақ өз қалауы бойынша қаладағы басқа емханаға қаралуға құқылы. Дегенмен, басқа медициналық ұйым берген анықтама «Студент» емханасының дәрігерімен расталуы тиіс.
Медициналық пунктте өткізілетін іс-шаралар:
- Жарақат алған немесе басқа да шұғыл жағдайлар туындаған кезде студенттер мен қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
- Қажет болған жағдайда пациенттерді емхана мамандарына және күндізгі стационарға бағыттау;
- Студенттердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және бақылау (медициналық тексеру, вакцинация, флюорографиялық зерттеулер және т.б.);
- Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған санитарлық-гигиеналық және ағартушылық оқытуды жүргізу.
Медициналық пунктте жұмыс істейтін бөлімдер:
- Қабылдау бөлімі;
- Емшара кабинеті;
- Изоляциялық кабинет.
Медициналық пункттердің жұмыс кестесі: 09:00–17:30
Түскі үзіліс: 13:00–14:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
«Студент» қалалық емханасы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы, 186-Д
(Тел: +7 (7262) 54-77-51)
Медициналық пункттің телефоны:
+7 705 830 27 52
Корпустар бойынша медициналық пункттердің байланыс деректері
| Қызметкер | Медициналық пункт телефоны | Медициналық пункттің мекенжайы |
|---|---|---|
| Асанова Аида Куралбековна | +7 705 830 27 52 | Тараз қ., Төле би к-сі, №60, 2.6 корпус, №100 кабинет, 1-қабат |
| Жабыкбаева Шолпан Сатыбалдиевна | +7 777 205 64 70 | Тараз қ., Төле би к-сі, №70, 4.2 корпус, №110 кабинет, 1-қабат |
| Шайдозымова Айнура Жалдыбаевна | +7 708 564 85 37 | Тараз қ., Жамбыл даңғылы, №16А, 5.1 корпус, №105 кабинет, 1-қабат |
| Кеңес Балнұр Сейтжанқызы | +7 776 656 73 29 | Тараз қ., Төле би к-сі, №60, 2.2 корпус, №101 кабинет, 1-қабат |
| Турбаева Жания Мейрамбекқызы | +7 747 370 46 36 | Тараз қ., Жамбыл даңғылы, №16А, 5.3 корпус, №114 кабинет, 1-қабат |
| Батырғалиева Қорлан Серікқызы | +7 747 950 82 81 | Тараз қ., Төле би к-сі, №60, 2.5 корпус, №209 кабинет, 1-қабат |
| Тлеукулова Лаура Мусатаевна | +7 777 649 67 63 | Тараз қ., Сүлейманов к-сі, №7, 1.3 корпус, №114 кабинет, 1-қабат |