26.08.2026

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

22–23 тамыз күндері Әзербайжан астанасы — Баку қаласында ересектер арасында
қазақ күресінен XII әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додаға әлемнің
әртүрлі елдерінен ең мықты спортшылар қатысып, ұлттық спорт түріндегі
шеберліктерін көрсетті.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті
Ардақ Нұрсақ әлем чемпионатында Қазақстанның намысын
абыроймен қорғап, жүлделі орынға ие болды.

Ардақ Нұрсақ 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалға дейін
жетті. Жарыс қорытындысы бойынша университет студенті
әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ардақ Нұрсақты жоғары спорттық жетістігімен құттықтаймыз!
Оған спорттық жолында толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер
тілейміз!