Психологиялық қолдау
Психологиялық қолдау: Сіз жалғыз емессіз
Күрделі өмірлік жағдайлар адамның эмоционалдық жағдайына, көңіл-күйіне және күнделікті мәселелермен күресу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Мұндай сәттерде өз уайымдарыңызбен жалғыз қалмай, қажет болған жағдайда қолдау сұрау маңызды.
Психологиялық қолдау — адамға қиын жағдайларда туындайтын эмоционалдық шиеленіс, алаңдаушылық, күйзеліс және басқа да психологиялық реакцияларды жеңуге көмектесуге бағытталған қолдау түрі.
Психологиялық қолдаудың мақсаттары:
- Эмоционалдық шиеленіс пен алаңдаушылықты азайту;
- Өзін тыныш әрі қауіпсіз сезінуге көмектесу;
- Өз сезімдері мен уайымдарын жақсырақ түсіну;
- Күрделі жағдайды жеңудің тиімді жолдарын табу;
- Ішкі ресурстар мен өзіне деген сенімді қалпына келтіру;
- Қажетті көмек пен қолдауды дер кезінде алу.
Қандай жағдайда қолдауға жүгінген абзал?
- Қатты күйзеліс немесе алаңдаушылық сезінсеңіз;
- Эмоционалдық шаршауды бастан өткерсеңіз;
- Оқу немесе жұмыс барысында қиындықтарға тап болсаңыз;
- Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар туындаса;
- Жаңа ортаға бейімделу қиын болса;
- Өз сезімдеріңіз бен уайымдарыңызды өз бетіңізше түсіне алмасаңыз.
Қасыңыздағы адамға қолдау көрсетудің қарапайым тәсілдері:
- Жанында болыңыз: Адамға өзінің жалғыз емес екенін және сіздің қолдауыңызға сене алатынын білдіріңіз.
- Тыңдай біліңіз: Сезімдері мен уайымдарын бөлмей, сынамай және бағаламай еркін айтуға мүмкіндік беріңіз.
- Түсіністік танытыңыз: «Уайымдама» деп сөздің мәнін жоймай, «Саған қазір қиын екенін түсінемін» деп колдау көрсетіңіз.
- Асығыс кеңес бермеңіз: Кейде адамға ең алдымен оны тыңдайтын адамның болғаны жеткілікті.
- Кәсіби көмекті ұсыныңыз: Жағдай тым күрделі болса, психологқа жүгінген дұрыс.
Есте сақтаңыз: Көмек сұрау — қалыпты жағдай. Психологқа жүгіну әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, өз өміріңізге жауапкершілікпен қараудың қадамы.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің психолог маманы:
Дәуренова Зейнеп Әбдімәжитқызы — Әлеуметтік жұмыс басқармасының психолог маманы.
- Байланыс телефоны: +7 747 571 05 95
- Жұмыс мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі 68, 4.2 ғимараты, 111-кабинет
- Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – Жұма, сағат 09:00 – 18:00