Академиялық ұтқырлық

Жаңартылды: 26 August 2026 Қайта тексеру: 1 August 2027

Академиялық ұтқырлық — студенттерге, магистранттар мен докторанттарға белгілі бір академиялық кезең ішінде басқа жоғары оқу орнында білім алуға немесе зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Оқу нәтижесінде жинақталған кредиттер Дулати университетінде қайта есептеледі.


Академиялық ұтқырлықтың түрлері

Сыртқы академиялық ұтқырлық

Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі.

Ішкі академиялық ұтқырлық

Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

Дулати университетінің білім алушылары Малайзия, Польша, Испания, Латвия, Литва, Индонезия, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Италия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария және Португалия университеттерімен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатыса алады.


Кімдер қатыса алады?

Сыртқы академиялық ұтқырлыққа:

  • Докторанттар — 2–4 семестр;
  • Магистранттар — 2–3 семестр;
  • Студенттер — 3–6 семестр;
  • академиялық үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» деңгейінде болуы;
  • академиялық және қаржылық қарызы болмауы тиіс;
  • шетелдік ЖОО талаптарына сәйкес шет тілін білуі қажет.

Ішкі академиялық ұтқырлыққа:

  • Докторанттар — 2–4 семестр;
  • Магистранттар — 2–3 семестр;
  • Студенттер — 3–6 семестр;
  • академиялық үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» деңгейінде болуы;
  • академиялық және қаржылық қарызы болмауы тиіс.

Қандай құжаттар қажет?

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

  • өтініш;
  • транскрипт;
  • факультет деканынан ұсыныс хаты;
  • резюме;
  • куратордан мінездеме;
  • жоспарланған семестрге арналған жеке оқу жоспары;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • сыртқы академиялық ұтқырлық үшін шетел паспортының көшірмесі;
  • грамоталар, дипломдар және сертификаттардың көшірмелері;
  • қажет болған жағдайда IELTS немесе TOEFL сертификаты (сыртқы академиялық ұтқырлық үшін);
  • 3×4 көлеміндегі 4 фотосурет;
  • әлеуметтік санатқа жататынын растайтын құжаттар (қажет болған жағдайда).

Қандай мүмкіндіктер береді?

Академиялық ұтқырлық студенттерге жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, шет тілін жетілдіруге, басқа мәдениетпен танысуға және халықаралық кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.


Ақпараттық күн

Қыркүйек айында университетте Академиялық ұтқырлықтың ақпараттық күні өтеді.

Іс-шара барысында қатысу талаптары, қажетті құжаттар, өтінім беру тәртібі және шетелдік әрі қазақстандық университеттерде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі.

Ақпарат Мәлімет
Уақыты Қыркүйек айы
Өтетін орны Дулати университеті
Нақты күні мен уақыты Қосымша хабарланады

Толық ақпарат

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы толық ақпаратты университеттің халықаралық кеңсесінің Instagram парақшасынан білуге болады.

Instagram:
@du_international_office_