Жастармен жұмыс бөлімі

Жаңартылды: 21 August 2026 Қайта тексеру: 1 August 2027
Қысқаша. На кампусе […] студенческих объединений. Набор — в начале каждого семестра, но в большинство можно прийти в любой момент.

Жастармен жұмыс бөлімінің миссиясы

Университетіміздің білім алушы жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін тәрбиелік, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық орта қалыптастыру, студенттердің азаматтық жауапкершілігін, патриоттық рухын, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту арқылы университеттің әлеуметтік миссиясын жүзеге асыру және оның қоғамдық беделін арттыру.

Мақсаты

Университет студенттерінің тәрбиелік жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру, олардың тұлғалық, шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру, мемлекеттік жастар саясатын университет деңгейінде тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.

Міндеттері

• Студент жастар арасында патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды, Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру;
• Рухани-адамгершілік тәрбие беру, толеранттылықты, академиялық адалдықты, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстарды жүргізу;
• Студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру, олардың қоғамдық өмірге қатысуын ынталандыру, студенттік өзін-өзі басқару органдарының, жастар ұйымдарының және клубтардың қызметін дамыту және қолдау;
• Волонтерлік қызметті, әлеуметтік жобаларды, қайырымдылық акцияларды, экологиялық және қоғамдық бастамаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
• Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік, көркемөнерпаздық, зияткерлік және рухани іс-шараларды ұйымдастыру;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу, зиянды әдеттердің алдын алу және жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу;
• Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс жүргізу, олардың университеттік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету;
• Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен, факультеттермен, кафедралармен, студенттік ұйымдармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
• Университеттің имиджін арттыруға бағытталған жастар жобаларын іске асыру, республикалық және халықаралық деңгейдегі студенттік іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру;
• Жастармен жұмыс саласы бойынша мониторинг жүргізу, талдамалық ақпараттарды жинақтау, есептер дайындау және университет басшылығына ұсыныстар енгізу;
• Тәрбиелік жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында озық тәжірибелерді зерделеу, қызметкерлер мен студенттерге арналған семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
• Университеттің ішкі нормативтік құжаттарына, этикалық кодексіне және СМК талаптарына сәйкес жастармен жұмыс бағыты бойынша қызметті ұйымдастыру.

Құрылымы