Тағылымдама және мансап

Жаңартылды: 21 August 2026 Қайта тексеру: 1 August 2027
Қысқаша. Практика обязательна и входит в учебный план. Кроме неё есть добровольные стажировки, ярмарки вакансий и помощь центра карьеры.

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.

Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны білім беру стандарттарымен, жұмыс оқу жоспарларымен, академиялық күнтізбемен, оқу процесінің кестесімен және бағдарламалармен айқындалады.

Педагогикалық бағытта білім алушылар кәсіптік практиканың әрбір түрінің қорытындысы бойынша әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес Электрондық портфолиоға тиісті кафедраға есеп ұсынады.

Дулати университетінде облыс және Қазақстан Республикасы бойынша түрлі ұйымдармен 615 келісімшарт жасалған.

Оқу практикасы барлық білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін өткізіледі және 1-курста немесе кәсіби-практикалық даярлықтың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік практика алдында тікелей ұйымдастырылады.

Оқу практикасы университетте және оның құрылымдық бөлімшелерінде, сондай-ақ болашақ кәсіби қызмет саласының нысандарымен танысу және бастапқы практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында базалық ұйымдарда өткізілуі мүмкін.

Оқу практикасы білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын тиісті кафедраға бекітіледі.